Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
6-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
1. Осы Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және блок басқару қалқандарында немесе жылу электр станцияларының оқшауланған қалқан үй-жайларында пайдаланылатын жылу автоматикасы мен өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеуге арналған.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және қалпына келтіруді білдіретін жөндеу;
2) күрделі жөндеу - базалықтарын қоса алғанда, оның кез келген бөліктерін ауыстыра немесе қалпына келтіре отырып, бұйымның жарамдылығын қалпына келтіру және оның ресурсын толық қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
3) қосалқы бөлшек - бұйымның жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін ұстау және қалпына келтіру мақсатында пайдалануда болған дәл осындай бөлікті ауыстыруға арналған бұйымның құрамдас бөлігі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы мен өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу